Дзюдодан 13-15 қарашада Хорватия астанасы Загреб қаласында өтетін әлемдік гран-приге қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне енген жарысқа 70 елден 520 спортшы қатысады.
Қазақстан құрамасы сапында ерлер арасында Аман Бақытжан мен Нұрәділ Әлжан (60 келі), Нұрқанат Серікбаев пен Бақытжан Абдурахманов (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Ермахан Әнуарбеков пен Нұржан Бисенов (90 келі), Ерасыл Қажыбаев пен Жантілек Нұртілепұлы (100 келіден жоғары) сынды балуандарға үміт артамыз.
Ал.әйелдер арасында: Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева (48 келі), Меруерт Сәрсенова мен Аружан Ережепова (52 келі), Дана Әбдірова (57 келі), Эсмигуль Куюлова (63 келі), Ажар Асхат (70 келі), Екатерина Токарева (78 келі), Аида Тойшыбекова мен Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) татами төрінде тайталасқа түседі.
Жарыс бағдарламасы:
13 қараша | I күн
Ерлер: 60 кг, 66 кг
Әйелдер: 48 кг, 52 кг, 57 кг
14 қараша | II күн
Ерлер: 73 кг, 81 кг
Әйелдер: 63 кг, 70 кг
15 қараша | III күн
Ерлер: 90 кг, 100 кг, +100 кг
Әйелдер: 78 кг, +78 кг.
Турнир қорытындысы бойынша спортшыларға әлемдік рейтингтік ұпайлар беріледі.


