АСТАНА. 8 ақпан. Еlsport.kz. —Жапониялық Хироки Харада «Ұлытау» ойыншысы атанды.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Жапониялық футболшы алғашқы қадамдарын өз елінде жасап, Чукио университеті құрамында ойнады. Кейін ол Черногория чемпионатында өнер көрсетіп, «Младость», «Рудар», «Отрант-Олимпик» және «Езеро» клубтарында тәжірибе жинады.
Айта кетсек, бұдан бұрын жезқазғандық клуб жапониялық Котаро Кишимен келісімшарт мерзімін ұзартқан еді.
Жезқазғанның «Ұлытау» клубы 53 жастағы қазақстандық маман Нұркен Мазбаевпен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде жариялады.
Мазбаев команда тізгінін 2025 жылғы маусымның ортасында қолға алып, клубты Премьер-лигадағы орнында сақтап қалуға қол жеткізді.
Маманның маусым соңындағы көрсеткіштері келесідей: 12 матч, оның ішінде 2 жеңіс, 5 тең ойын және 5 жеңіліс.


