«Ұлытау» құрамына камерундық қорғаушы қосылды

АСТАНА. 4 ақпан. Еlsport.kz. — Камерундық орталық жартылай қорғаушы Артур Бугнон «Ұлытау» футбол клубының құрамын толықтырды.

Артур бірнеше елдің чемпионаттарында ойнап, мол тәжірибе жинаған. Ол Тәжікстанда «Фейзанд», Беларусьте «Слуцк» клубтарының намысын қорғады. Сондай-ақ Қазақстан Премьер-лигасында Қарағандының «Шахтер» сапында өнер көрсеткен.

Жасы: 25

Бойы: 1,80 м

Позициясы: орталық жартылай қорғаушы
Жезқазғанның «Ұлытау» клубы 53 жастағы қазақстандық маман Нұркен Мазбаевпен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде жариялады.

Мазбаев команда тізгінін 2025 жылғы маусымның ортасында қолға алып, клубты Премьер-лигадағы орнында сақтап қалуға қол жеткізді.

Маманның маусым соңындағы көрсеткіштері келесідей: 12 матч, оның ішінде 2 жеңіс, 5 тең ойын және 5 жеңіліс.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_imgspot_img
spot_img

Тәуліктік хит

Сондай-ақ, оқыңыз...