АСТАНА. 3 ақпан. Еlsport.kz. — Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан таеквондодан халықаралық «Fujairah Open» турнирінде Қазақстан құрамасы қоржынына үш қола медаль түсті.
Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары аталған жарыста қазіргі таңда үш қола жүлде еншіледі.
Ересектер арасында сынға түскен Мақсат Орынбасар (-74 кг), Нұрлан Мырзабаев (-87 кг) және Бахадыр Шапулатов (-54 кг) үздік үштіктен көрінді.
Айта кетерлігі, Фуджейрада өтіп жатқан халықаралық турнирге 50 елден 583 спортшы қатысуда.


