Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Сағи Совет «Қайсар» командасымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Elsport.kz.
25 жасар қорғаушы өткен маусымда «Жеңіс» сапында 26 ойынға қатысып, қорғаныста сауатты ойнады. Ол жаңа командасымен 2 жылдық келісімге келді.
Сағи Совет 2000 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. 2016 жылдан бері «Астана», «Арыс», «Мақтарал», «Оқжетпес» клубтарында доп тепті.
Биыл ол елордалық «Жеңіс» командасы сапында 22 ойын өткізді.
Қызылордалық команда келісімшарт мерзімдерінің аяқталуына байланысты бірнеше футболшыны шығарып салды.
Клубтың ресми мәліметінше, команда сапынан Айбар Жақсылықов, Александр Мокин, Ерсұлтан Төреқұл, Марлен Айманов, Дидар Жалмұқан және Карам Сұлтанов кетті.


