«Тараз» футбол клубының бспорт директоры Дидар Сыдықбек команданың бас бапкері жақын уақытта жарияланатынын айтты.
Бұл жөнінде Дидар Сыдықбек өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.
— «Тараз» футбол клубы бас бапкерді тапты. Ресми тағайындауды күтіңіздер. Келіссөз ұзақ уақыт жүрді, — деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол бұдан бұрын команданың бұрынғы бас бапкері Азиз Анарметов жайында айтып берген еді.
— Азиз Анарметовтың арнайы бапкерлік санаты әзірге болмауына байланысты, командаға жаңа бас бапкер қарастырылуда. Азиз Абдрашитұлы бапкерлік құрамда қызметін жалғастырады. Тараздан шыққан талантты футболшыларды командаға тарту жұмыстары жүргізіледі; Балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға күш салынады. БАҚ-қа барынша ашықтық принципі сақталады, — деді Дидар Сыдықбек.


