Elsport.kz. 9 қаңтар. Бүгін елордадағы Qazaqstan кешенінде жеңіл атлетикадан қысқы XXXV Қазақстан чемпионатының алғашқы жүлделері сарапқа салынды.
Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Назарыңызға алғашқы жарыс күнінің жүлдегерлерін ұсынамыз:
400 метрге жүгіру (әйелдер):
1. Аделина Земс (Қарағанды)
2. Мария Шувалова (Павлодар)
3. Анна Шумило (Қарағанды)
400 метрге жүгіру (ерлер):
1. Элнор Мукхитдинов (ШҚО)
2. Андрей Соколов (ШҚО)
3. Мәди Төкенов (Астана)
Ұзындыққа секіру (әйелдер):
1. Алина Чистякова (Қарағанды)
2. Варвара Дмитриева (ШҚО)
3. Анастасия Кононова (Ақмола)
1500 метрге жүгіру (әйелдер):
1. Нора Джеруто Тануи (ШҚО)
2. Дарья Миллер (Алматы)
3. Аяна Болатбекқызы (Жетісу)
1500 метрге жүгіру (ерлер):
1. Бауыржан Райымбаев (Маңғыстау)
2. Әлижан Дожан (Алматы)
3. Әкімжан Елекенов (Алматы)
Ядро итеру (әйелдер):
1. Ирина Конишева (Алматы)
2. Сабина Потапова (Қарағанды)
3. Ангелина Полтинова (Шымкент)
60 метрге жүгіру (әйелдер):
1. Ольга Сафронова (Павлодар)
2. Виктория Ан (Астана)
3. Татьяна Нет (Ақмола)
60 метрге жүгіру (ерлер):
1. Алмат Төлебаев (Алматы)
2. Виталий Земс (Қарағанды)
3. Данил Попов (Қарағанды)
Биіктікке секіру (ерлер):
1. Антон Боднар (Түркістан)
2. Ақылжан Тоқтағалин (ШҚО)
3. Игорь Косолапов (Қарағанды)
Айта кетейік, 3 күн ішінде барлығы 13 жекелей дисциплина мен эстафетадан 31 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Биылғы бәсекеге 18 өңірдің спортшылары қатысып жатыр.


