Elsport.kz. 14 қаңтар. «Қайсар» футбол клубының бақылау кеңесі құрылды.
«Қайсар» футбол клубының Бақылау кеңесінің төрайымы болып Гүлбану Тәжібайқызы Пазылхаир сайланды — Altyn Samruk Qazaqstan АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің экс-кеңесшісі, Қызылорда облысының тумасы.
Сондай-ақ Бақылау кеңесінің құрамына келесі тұлғалар кірді:
Эля Дүйсемалиева
Goldman Sachs және Merrill Lynch (Лондон) компанияларында департамент басшысы қызметін атқарған. Duke University университетінің құқық магистрі, АҚШ-тың Нью-Йорк штаты мен Қазақстан Республикасында білікті заңгер. Бұған дейін Bracewell және Giuliani заң фирмаларында қаржылық құқық саласында тәжірибе жинақтаған.
Айнұр Бағдатқызы Қарбозова
“Болат Өтемұратов” қорының директоры. Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен London School of Economics ( «Болашақ» халықаралық бағдарламасы) түлегі, мемлекеттік басқару және менеджмент магистрі. Дипломатиялық дәрежесі — бірінші сыныпты бірінші хатшы.
Сонымен қатар Бақылау кеңесінің құрамына ірі бизнес өкілдері, халықаралық компаниялар, банк секторы, сауда желілері, сондай-ақ қаржы және инвестиция саласының мамандары енді. Бұл клубты басқаруда бизнестің практикалық тәжірибесі мен заманауи еуропалық тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.
Бақылау кеңесінің толық құрамы қосымша жарияланады.


