Elsport.kz. 15 қаңтар. Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Қайрат Сәтжановқа құрмет көрсетіліп, оған «Toyota Land Cruiser 300» автокөлігі мен Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер кілті табысталды.
Бұл сый-сияпатты Астанада Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Қызайбаев табыстады. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайрат Сәтжановқа Toyota Land Cruiser 300 автокөлігі және Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер кілтін берді.
Айта кетсек, Қайрат Тұрсынханұлы 2024 жылдың тамыз айынан бастап ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарды.
Оның жетекшілігімен ерлер командасы көптеген халықаралық турнирде топ жарып, әлем чемпионатының жүлделерін иеленді. 35 жылдан аса тәжірибесі бар маман денсаулығына байланысты бұл қызметтен бас тартуына тура келді.
Енді бұл қызметті Нұржан Насановатқаратын болды.
Нұржан Нишанұлы 1975 жылы дүниеге келген. 2016 жылы жаттықтырушы мансабын бастаған. 2024 жылдың тамыз айынан ұлттық құраманың жаттықтырушысы. Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай және тағы басқа боксшыларды тәрбиелеген.


