Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық 13 боксшы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Еlsport.kz.
Құрлықтық додаға еліміздің атынан 20 боксшы барған еді. Олардың 10-ы ерлер, 10-ы әйелдер құрамасында сынға түсті.
Ерлер құрамасынан Махмуд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) енді финал жолдамасын сарапқа салады.
Ерлер құрамасынан СанжарТашкенбай (50 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі) жарыс жолын ширек финалда аяқтауға мәжбүр болды.
Ал әйелдер құрамасында Айгерім Сәттібаева (48 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) жартылай финалда шаршы алаңға шығады.
Олардың қатарынан Лаура Есенкелді (65 келі), Жазира Орақбаева (51 келі, Элина Базарова (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды.


