АСТАНА. 8 ақпан. Еlsport.kz. —Қытайда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер командасы эстафетадан чемпион атанды.
4×400 метрге эстафеталық жарыста Қазақстан намысын Мария Шувалова, Анна Шумило, Кристина Кондрашова және Аделина Земс қорғаған болатын.
Финалда Қазақстан құрамасы 3:38.02 нәтижесімен Қытай құрамасынан басып озды. Осылайша, эстафетадан Азия чемпионы атанды.
Екінші орын иеленген Қытай командасының көрсеткіші – 3:38.29.


