2 C
Almaty

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан қыздар құрамасы бүгін Оңтүстік Кореямен ойнайды

Астана. 25 қаңтар. Elsport.kz. — Шайбалы хоккейден Қазақстан 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасы IIA дивизионында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы бесінші ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді.

Бұл ойын Қазақстан уақытымен 18:30-да басталады.

Қазірге дейін қазақстандық хоккейшілер Жаңа Зеландия (13:2), Латвия (9:1), Түркия (5:1), Нидерланд (7:0) құрамаларын қапы қалдырды.

Ал Оңтүстік Корея құрамасы Түркия (2:0), Жаңа Зеландия (10:0), Нидерланд (5:0), Латвия (3:2) құрамаларынан басым түсті.

Алғашқы төрт турдан кейін отандастарымыз 12 ұпаймен көш бастап тұрса, Оңтүстік Корея 11 ұпаймен екінші орында тұр.

Сондай-ақ турнир кестесінде Латвия 7 ұпаймен үшінші, Түркия мен Нидерланд 3 ұпаймен төртінші және бесінші орынға жайғасқан. Әзірге Жаңа Зеландияның қоржыны бос.

Екі құрама қазірге дейін бір мәрте өзара кездесті. 2019 жылы өткен ойында Қазақстан бұл қарсыласына 3:4 есебімен есе жіберген еді.

Аталған топта бүгін Нидерланд пен Жаңа Зеландия, Латвия мен Түркия құрамалары шеберлік байқасады.Бұл топтан бірінші орын алған құрама ІВ тобына жолдама алса, соңғы орынды місе тұтқаны ІІВ тобына түсіп қалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_imgspot_img
spot_img

Тәуліктік хит

Сондай-ақ, оқыңыз...