Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік төрттікке енді

АСТАНА. 8 ақпан. Еlsport.kz. — Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үздік төрттікке енді.

Бұл жөнінде Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы мәлім етті.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Қытайдың Тянцзинь қаласында өткен жабық ғимараттағы Азия чемпионатын сәтті аяқтады.

6-8 ақпан аралығында өткен құрлық біріншілігінде жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Ал жалпыкомандалық есепте Қытай (10 алтын, 11 күміс, 13 қола), Катар (4 алтын) және Жапония (3 алтын, 6 күміс, 2 қола) командаларын алға жіберіп, төртінші орынға табан тіреді.

Қазақстан құрамасы сапында төмендегі спортшылар жүлдеге қол жеткізді:
Алтын: Алина Чистякова (бессайыс), Нора Джеруто (3000 метр), эстафетадан Қазақстан әйелдер командасы (4×400, Кристина Кондрашова, Марина Шувалова, Анна Шумило, Аделина Земс);
Күміс: Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру)
Қола: Нора Джеруто (1500 метр), Мария Ефремова (үш қарғып секіру), эстафетадан Қазақстан ерлер командасы (4×400, Вячеслав Земс, Мәди Төкенов, Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов).

Сондай-ақ, үш қазақстандық атлет жүлдеге қол созым жерден тоқтап, төртінші орыннан көрінді. Олар – Полина Иванова (сырықпен секіру), Аделина Земс (400 метр) және Давид Ефремов (60 метрге кедергілер арқылы жүгіру).

Ұлттық құраманың кеңесші-бапкері Александр Апайчев спортшылардың Азия чемпионатындағы көрсеткішін жоғары бағалады.

«Атлеттердің аяқ алысына жақсы баға беремін. Спортшылардың барлығы да аянып қалған жоқ. Азия біріншілігіне қатысқан ұлттық құрама мүшелерінің 90 пайызы жеке рекордтарын жаңартты. Сондықтан, маусымның бастамасы жақсы деп айтуға толық негіз бар», — деді А.Апайчев.

Айта кетелік, жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Азия чемпионатына 24 елдің спортшылары қатысты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_imgspot_img
spot_img

Тәуліктік хит

Сондай-ақ, оқыңыз...