«Елімай» футбол жаңа футбол маусымының алдындағы екі айлық оқу жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Elsport.kz.
Бұл тізімге әлі өзгертулер мен толықтырудар енгізіледі. Қаралымға шақырту алған бірқатар ойыншылар бар.
Ойыншылар тізімі:
Егор Цуприков, Алмас Тулюбай,Асан Байғалиев, Әлижан Байғалиев, Марин Беланчич, Евгений Березкин, Роман Муртазаев, Иван Свиридов, Абылайхан Назымханов, Жан Али Пайруз, Ади Адамбаев, Әділбек Жұмаханов, Акмаль Бахтияров, Рамазан Оразов, Арсен Әшірбек, Никита Пивкин, Айбар Жақсылықов, Артем Жилин, Фессу Меме Плакка.
«Елімай» футбол клубы маусымға дайындық аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің Аджман қаласында өтетін оқу-жаттығу жиындарына жол тартады.
Екі оқу-жаттығу жиыны 6-27 ақпан аралалығында болады.


