Қазақстан спорты үшін тарихи күн туды. Әлемдік бокс төрінде аты алтын әріппен жазылған Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқ залына (IBHOF) ресми түрде енгізілді. Бұл — жаһандық спорт қауымдастығы ең жоғары бағасын беретін мәртебелі тізім. Жыл сайын әлем боксына өлшеусіз үлес қосқан саңлақтар ғана осы тізімге еніп отырады. Биыл сол ұлы есімдердің қатарынан қазақстандық Геннадий Головкин табылды.
Головкин — бұл тек рингтегі шеберлік емес, бұл — бір ұлттың намысы, табандылық пен адал еңбектің символы.


