Виктор Мозес «Қайсар» сапына қашан қосылатыны белгілі болды

«Қайсардың» нигериялық легионері Виктор Мозес Қазакстанға жолға шықты деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Еlsport.kz.

Қызылордалық клуб сапына биыл қосылған танымал футболшы отбасымен Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында қалып қойған еді. Сол аймақтағы саяси жағдайға байланысты ол елден шыға алмай қалды.

Салдарынан команда құрамына уақытылы қосыла алмаған.
Осы себепті ол ҚПЛ-дың бірінші турындағы «Жеңіс» клубына қарсы матчты өткізіп алған болатын. Енді Мозес жақын арада командаға қосылып, келесі турда «Астанаға» карсы ойынға қатысады деп күтілуде.

Футболшы 1990 жылы Нигерияның Лагос қаласында дүниеге келген. Англияның «Кристал Пэлас» командасының түлегі алдымен сол клубта 2007 жылы мансабын бастап, одан кейін «Уиган Атлетик», «Челси», «Ливерпуль», «Сток сити», «Вест Хэм Юнайтед», «Лутон Таун», Түркияның «Фенербахче», Италияның «Интер», Ресейдің «Спартак» клубтарында доп тепкен.

2012-2018 жылдары Нигерия ұлттық құрамасының намысын қорғады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от FC KAYSAR | ҚАЙСАР ФК (@fckaysar_official)

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_imgspot_img
spot_img

Тәуліктік хит

Сондай-ақ, оқыңыз...