Бүгін, 5-наурыз, сағат 19:00-де «Kokshetau Mall» ғимаратының 1-қабатында «Оқжетпес» командасының жаңа маусымға арналған ресми таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды Еlsport.kz.
Жанкүйерлерге жаңартылған құрам мен жаттықтырушылар штабы таныстырылады. Қонақтарды жарқын сахналық бағдарлама, футболшылармпн интерактив және автограф-сессия күтеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің кәсіби спортты кезең-кезеңімен коммерцияландыру және клубтардың бюджет қаржыландыруына тәуелділігін азайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында клубты неғұрлым тұрақты қаржылық модельге көшіру мәселелері қаралды.
Қорытынды бойынша «Оқжетпес» ФК қоғамдық қорын құру жөнінде шешім қабылданды. Қордың құрылтайшысы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері, «Агрофирма «Родина» ЖШС директоры, Ақмола облысының Құрметті азаматы, еліміздің аграрлық секторының беделді өкілдерінің бірі Иван Адамович Сауэр болады. Ол өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен бірлесіп, ақмолалық футболға жүйелі қолдау көрсетеді.


