Бельгияда ойнаған футболшы «Ұлытаумен» келісімшартын ұзартты

АСТАНА. 4 ақпан. Еlsport.kz. — Украиналық жартылай қорғаушы Бека Вачиберадзе «Ұлытау» сапында мансабын жалғастырады.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

— Өткен маусымда Бека команданың негізгі ойыншысының біріне айналды. Оның еңбекқорлығы, ойын оқуы және командалық ойынға қосқан үлесі маусым бойы ерекше маңызды болды. Ол 26 матчта 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді, — деп жазылған хабарламада.

Бека Вачиберадзе 1996 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Алғашқы мансабын 2014 жылы Украинаның «Шахтер» клубында бастаса, одан кейін Испанияның «Реал Бетис», Латвияның РФС, Бельгияның «Ломмел», Украинаның «Черноморец», «Металлист-1925», Грузияның «Торпедо Кутаиси» клубтарында доп тепкен.

Украинаның әртүрлі жастағы жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_imgspot_img
spot_img

Тәуліктік хит

Сондай-ақ, оқыңыз...