4 C
Almaty

Али Алиев «Жеңіс» футбол клубының тізгінін ұстады

Елордалық «Жеңіс» футбол клубының тізгінін тәжірибелі маман Али Алиев ұстады.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Али Алиев 1980 жылы дүниеге келген. Ол футболшылық мансабын 1998 жылы Алматының ЦСКА-«Қайрат» командасынан бастап, одан кейін елімізде Алматының «Қайрат», «Ертіс», «Тобыл», «Восток», «Ордабасы», Түркияның «Акчаабат Себатспор», «Кайсери Эрджиесспор», «Карталспор», «Диярбакырспор» клубтарының намысын қорғады. 2015-2018 жылдарда «Қызылжар» сапында ойын көрсетіп, одан кейін команда тізгінін қолға алды.

Биыл Қазақстан ұлттық құрамасында бас бапкер болып, бес турдан кейін қызметінен кетті.

Айта кетсек, жақында Андрей Демченко «Жеңіс» футбол клубы бас бапкері қызметінен кетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_imgspot_img
spot_img

Тәуліктік хит

Сондай-ақ, оқыңыз...