Амандық Нәбиханов «Жеңіс» футбол клубы құрамынан кетті.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
— Өткен маусымда ол 6 ойынға қатысты. Біз Амандыққа көрсеткен жоғары кәсібилігі мен жеңіске деген құштарлығы үшін алғысымызды білдіреміз және оның болашақ мансабына сәттілік тілейміз, — деп жазылған хабарламада.
Белгілі болғанындай, футболшы ақтаулық «Каспий» құрамына ауысқан.
«Жеңіс» футбол клубы жаңа маусымға дайындық барысында оқу-жаттығу жиындарын Түркияның Анталия қаласында өткізеді.
Жиын барысында команда физикалық және тактикалық дайындықты шыңдап, бақылау кездесулерін өткізеді. Бақылау ойындарының өтетін күндері мен қарсыластардың тізімі кейінірек жарияланады.
Команданың бас бапкері Андрей Демченко қызметінен кетті. Оның орнына Али Алиев тағайындалды. Сонымен қатар клуб қорғаушылар Альдаир Адилов, Зураб Тевзадзе, Иван Шараванья, жартылай қорғаушылар Мади Хасейн, Ардак Саулет және шабуылшылар Адилио Сантос, Элгуджа Лобжанидзе командада қалды.


