-3.1 C
Almaty

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» футбол клубы Англияға аттанып кетті

Астана. 25 қаңтар. Elsport.kz. — Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі сегізінші турындағы Англияның «Арсенал» командасымен кездесуге Лондон қаласына аттанып кетті.

Бұл кездесу 28 қаңтарда Қазақстан уақытымен 1:00-де «Эмирейтс» стадионында басталады.
«Қайраттың» жеті турдан кейін небәрі бір ұпайы бар. Турнир кестесінде көш соңында келеді.

Қазірге дейін негізгі кезеңде «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.

Есесіне турнир кестесінде «Арсенал» жеті турда бірде-бір ұпай жоғалтпай, 21 ұпаймен көш басында келеді.

Қазірге дейін Испанияның «Атлетик Билбао» (2:0), Грекияның «Олимпиакос» (2:0), Испанияның «Атлетико Мадрид» (4:0), Чехияның «Славия» (3:0), Германияның «Бавария» (3:1), Бельгияның «Брюгге» (3:0), Италияның «Интер» (3:1) клубтарынан басым түсті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_imgspot_img
spot_img

Тәуліктік хит

Сондай-ақ, оқыңыз...