Ресми: Карлос Феррао «Семей» сапынан кетті

АСТАНА. 4 ақпан. Еlsport.kz.- «Семей» футзал клубы Карлос Ферраомен келісімшарттың тараптардың өзара келісімі негізінде тоқтатылғаны туралы ресми түрде хабарлайды.

35 жастағы бразилиялық ойыншы командаға 2024 жылы қосылды. Клуб сапында өнер көрсеткен кезеңде ол 11 матчқа қатысып, 11 гол соғып, жоғары кәсіби деңгейін және «Семейдің» спорттық нәтижелеріне қосқан үлесін көрсетті.

Сонымен қатар, клуб пен Феррао арасындағы ынтымақтастық «Семей» брендін дамытуға және футзалды ұлттық және халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған жобалар аясында жалғасатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_imgspot_img
spot_img

Тәуліктік хит

Сондай-ақ, оқыңыз...