АСТАНА. 25 қаңтар. Еlsport.kz. — «Оқжетпес» алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады.
Жаңа футбол маусымына дайындық қарсаңында «Оқжетпес» 13-31 қаңтар аралығында Түркияда бірінші оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын. Алғашқы ОЖЖ-да команда, үш айдан соң алаңға шығып, алғашқы бақылау ойынын өткізді.
Екінші оқу-жаттығу жиыны ақпан айының 5-26 аралығында Түркияда жалғасады. Бұл аралықта командамыз шетелдік клубтармен бірнеше бақылау матчын өткізу жоспарлануда.


