-3.1 C
Almaty

Нигериялық танымал футболшы Қызылордада ойнайтын болды

Астана. 24 қаңтар. Elsport.kz. Нигериялық танымал футболшы Виктор Мозес Қызылорда қаласына келді.

Ол бүгін жергілікті «Қайсар» командасымен келісімшартқа қол қойып, жанкүйерлер алдында оны таныстыру рәсімі өтеді.

Виктор Мозес 1990 жылы Нигерияның Лагос қаласында дүниеге келген. Англияның «Кристал Пэлас» командасының түлегі алдымен сол клубта 2007 жылы мансабын бастап, одан кейін «Уиган Атлетик», «Челси», «Ливерпуль», «Сток сити», «Вест Хэм Юнайтед», «Лутон Таун», Түркияның «Фенербахче», Италияның «Интер», Ресейдің «Спартак» клубтарында доп тепкен.

2012-2018 жылдары Нигерия ұлттық құрамасының намысын қорғады.

Бұл салтанатты шара 24 қаңтарда «Kaysar-arena» стадионында өткізіледі. Алдымен сағат 16:00-16:30 аралығында баспасөз мәслихаты өтсе, 16:30-да жаңа ойыншыны жанкүйерлерге таныстыру рәсімі болады.

— Стадионға Абылай хан көшесіне қарасты есіктерден кіруге болады. Аталған іс-шара барысында клубтың жаңа ойыншысы ресми түрде таныстырылып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап береді, — деп жазылған хабарламада.

Биыл команда алдында жүлделі орындардың біріне ілігу және Қазақстан кубогына қол созу міндеті тұр. Сондықтан олар алдымен бас бапкерді ауыстырды. Бұл қызметке қазақстандық маман Андрей Ферапонтов келді.

Айта кетсек, команда сапынан Ілияс Әмірсейтов, Бекзат Құрманбекұлы, Әліби Тұзақбаев, Елжас Алтынбеков және Қуаныш Қалмұратов, Александр Мокин, Ерсултан Төреқұл, Марлен Айманов, Дидар Жалмұқан және Карам Сұлтанов кетті.

Команда басшылығы өткен жылғы құрамнан қақпашы Нұрымжан Салайдин, қорғаушы Темірлан Мұрзағалиев пен Әділет Кеңесбек, жартылай қорғаушы Айбол Әбікен мен Думан Нәрзілдаев, шабуылшы Нұрдәулет Ағзамбаевпен келісімшарт мерзімін ұзартты.

Сондай-ақ команда құрамына шетелден жаңадан қақпашы Адам Ковач (Словакия), қорғаушы Никола Цуцкич (Сербия), шабуылшы Томас Джонс (Чили) келді.

Оған қоса қазақстандық қорғаушы Нияз Ыдырысов, жартылай қорғаушы Сағи Совет, шабуылшы Алияр Мұхамед, алдағы маусымда қызылордалық клуб сапында ойын көрсетеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_imgspot_img
spot_img

Тәуліктік хит

Сондай-ақ, оқыңыз...