-3.1 C
Almaty

Жәнібектің әлеуетті қарсыласы болған Эрисланди Лара чемпиондық атағын қорғады

Сан-Антониода (Техас, АҚШ) өткен бокс кешінде кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) венесуалық Йохан Гонсалеспен (36-4, 34 КО) кездесіп, өзінің WBA орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғады.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жек толық уақытқа созылды. Соңында Лара бір дауыстан жеңіске жетті: төрешілер ұпайы 118-108, 119-107, 120-106 болды. Жекпе-жек барысында кубалық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Осылайша, Лара кәсіби мансабындағы 32-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Гонсалес өзінің бесінші кәсіби жеңілісіне ұшырады.

Айта кетсек, бастапқыда Эрисланди Лараның қарсыласы WBO/IBF орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) болмақшы еді. Алайда, жекпе-жектен бірнеше күн бұрын отандасымыздан допинг-сынамада мельдоний препараты анықталды. Соның нәтижесінде жекпе-жек кейінге шегеріліп, кубалық боксшыға тез арада Йохан Гонсалес қарсылас ретінде ұсынылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_imgspot_img
spot_img

Тәуліктік хит

Сондай-ақ, оқыңыз...