Валерий Рахымжан нысана көздеуден Азия чемпионы атанды

АСТАНА. 3 ақпан. Еlsport.kz. — Бүгін Үндістан астанасы Делиде нысана көздеуден Азия чемпионатының бірінші жүлде жиынтығы сарапқа салынды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, .ерлер арасында 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде Ұлттық құрама спортшысы Валерий Рахымжан күміс жүлдегер атанды. Ол финалда 241 ұпай жинады.

Ерлер (ересектер), тапанша 10 м. Финал нәтижесі:

1. Владимир Свечников (Өзбекстан) 242 балл

2. Валерий Рахымжан (Қазақстан) 241 балл

3. Самрат Рана (Үндістан) 220,3 балл

8. Кирилл Федькин (Қазақстан) 117.5 балл

Айта кетейік, таңертең іріктеу кезеңінде Валерий 5-ші, Кирилл 10-орынмен ақтық сынға шыққан. Ал командалық сайыс нәтижесінде Қазақстан ерлер құрамасы (Рахымжан, Иманқұлов, Федькин) қола жүлдеге ие болды.

Алғашқы жарыс күнінен кейін Қазақстан қоржынында 1 күміс, 1 қола жүлде бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_imgspot_img
spot_img

Тәуліктік хит

Сондай-ақ, оқыңыз...