Қазақстан чемпионатындағы үздік футболшылардың бірі Ахмед Эль-Мессауди «Тобыл» командасынан кететін болды, деп хабарлайды Elsport.kz.
Бельгиялық футболшы команда қатарына 2024 жылы қосылған еді. Жартылай қорғаушы өткен жылы команда құрамында 22 кездесуде қарсыластар қақпасын 7 мәрте дәл көздеп, 6 мәрте нәтижелі пас берді.
Айта кетсек, бұдан бұрын қостанайлық «Тобыл» командасына трансферлік бан қойылды.
FIFA-ның ресми сайтында 2025 жылдың 28 желтоқсанынан бастап командаға трансферлік бан қойылғаны жарияланды. Шектеу алынғанға дейін олар 2026 жылғы маусымға жаңа ойыншыларды тіркей алмайды.
Сондай-ақ қостанайлық «Тобыл» марокколық 29 жастағы жартылай қорғаушы Амин Талалды қатарға қосуы мүмкін.
Қазір Ресейдің «Ахмат» командасында ойнайтын ойыншы жақын күндері қостанайлық клубпен келісімшартқа қол қоя деп күтілуде.


