-3.1 C
Almaty

«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы «Қайсар» сапына ауысуы мүмкін

Астана. 25 қаңтар. Elsport.kz. — Қызылордалық «Қайсар» әлемге танымал тағы бір футболшыны қатарға қосуы мүмкін.

Инсайдерлік ақпарат көздерінен белгілі болғанындай, қызылордалық клуб испаниялық тәжірибелі шабуылшы Пако Алькасермен келіссөз жүргізіп жатыр деген әңгіме шықты. Бұл келіссөз нәтижелі аяқталса, Қазақстан Премьер-лигасына тағы бір атақты футболшы қосылады.

Пако Алькасер 1993 жылы Испанияның Торренте қаласында дүниеге келген. «Валенсия» футбол клубының түлегі өз мансабында 2010 жылы төл командасынан сол елдің «Хетафе», «Барселона», «Вильярреал», Германияның «Боруссия Дортмунд», БАӘ-нің «Шарджа», «Эмирейтс» клубтарында ойнаған.

2014-2019 жылдары Испания ұлттық құрамасының намысын қорғады.
Айта кетсек, қызылордалық клуб бұдан бұрын нигериялық белгілі футболшы Виктор Мозесті қатарға қосты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_imgspot_img
spot_img

Тәуліктік хит

Сондай-ақ, оқыңыз...