2 C
Almaty

«Қайсар» Асхат Тағыбергенге қатысты шешім қабылдады

Асхат Тағыберген «Қайсардың» қаңтар айындағы оқу-жаттығу шақыру алған жоқ, деп хабарлайды Elsport.kz.

Бұл жөнінде сенімді дерек көздерінен белгілі болып отыр

Отандық ақпарат сайттарында Асхаттың қызылордалық клуб сапына қайта оралуы мүмкін екені жазылған еді. Соған қарамастан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны өзінің төл командасына оралуға әзірге асығар емес. Өйткені, жартылай қорғаушы — Қызылорда клубының түлегі.

1990 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген Асхат алғашқы мансабын 2009-2011 жылдары «Қайсарда» өткізіп, одан кейін 2018-2020 жылдары тағы бір мәрте ойын көрсетті. Сондай-ақ ол еліміздің көптеген клубының намысын қорғады.
2014-2025 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының жейдесін киді. Кейінгі жылдары капитандық міндетті атқарды.

Айта кетсек, биыл «Қайсар» тізгінін қазақстандық маман Андрей Ферапонтов ұстады. Команда алдына 2026 жылы жүлдегерлер қатарынан көріну және Қазақстан кубогына ие болу міндеті қойылды.

https://www.instagram.com/fckaysar_official/?utm_source=ig_embed&ig_rid=52f88e25-72ca-4a40-aebc-469b9a2a1878

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_imgspot_img
spot_img

Тәуліктік хит

Сондай-ақ, оқыңыз...