2 C
Almaty

«Алтай» тағы үш футболшымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Elsport.kz. 9 қаңтар. Өскемендік «Алтай» былтыр командада ойын көрсеткен үш футболшымен келісімшарт мерзісін ұзатты.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

— Командамыздың екі бірдей қорғаушысы — Реджепов Тимур мен Гаврил Кан және шабуылшысы — Омарбек Әділет клубымызбен келісім шарттарын ресми ұзартты, — деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ олар команда көшбасшылары — Сергей Хижниченко, Алмас Сапарғалиев және Аслан Жанұзақовпен келісім-шартты ұзартты.

«Алтай» клубы трансферлік науқанын 32 жастағы қазақстандық қорғаушы Дмитрий Шмидтті қатарға қосу арқылы бастады. Ол жаңа маусым алдындағы команданың алғашқы ресми жаңалығы атанды.

Тәжірибелі қорғаушы өткен маусымды «Жетісу» сапында өткізіп, 24 матчқа қатысып, екі голдың авторы болды.

Өткен жылы өскемендік клуб бірінші лигада 55 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді. Нәтижесінде команда биыл Премьер-лигада бақ сынауға мүмкіндік алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_imgspot_img
spot_img

Тәуліктік хит

Сондай-ақ, оқыңыз...