АСТАНА. 4 ақпан. Еlsport.kz. — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 4 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Адмирал» (Владивосток) клубына қарсы өткізді.
Кездесу барысында командалар бірінші кезеңде бір-бірінің қақпасынан асңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңде қазақстандық команда екі шайба соқты. Үшінші кезеңде ресейлік клуб бір, қазақстандық команда екі мәрте мергендік танытты.
Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті. Олар бұдан бұрын қатарынан алты мәрте жеңіліс тапқан еді.
«Адмирал» (Владивосток, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 1:4 (0:0, 0:2, 1:2)
0:1 — Савицкий (Данияр См.) — 22:14
0:2 — Кайыржан (Уиллман, Уолш) — 27:10
0:3 — Галимов (Веккьоне, Логвин) — 41:48
0:4 — Веккьоне — 52:02
1:4 — Шулак — 55:29
Қақпашылар: Хуска — Шил.
«Барыс» енді алдағы ойынын 12 ақпанда елордада Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізеді.


