Эльхан Астанов «Астанаға» қайта оралып, негізгі құрам үшін таласады, деп хабарлайды Elsport.kz..
Елордалық клуб сапындағы оның басты бәсекелесі Усман Камара клубтан кетті. Сондықтан негізгі құрам ойыншысы атануға мүмкіндігі зор.
Ол 2023 жылдан бері елордалық «Астана» клубының намысын қорғап келген болатын.
Э. Астанов — Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы. Cондай-ақ жастар құрамасында да өнер көрсеткен.
Ол былтыр жазғы трансферде шымкенттік «Ордабасы» сапына ауысты.


