Төрехан Сабырхан Азия чемпионатында жартылай финалға жолдама алды

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында Төрехан Сабырхан (70 келі) жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Еlsport.kz.

2025 жылғыәлем чемпионы Төрехан Сабырхан (70 келі) ширек финалда тәжікстандық Шамшиер Саидовпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында ол қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

Енді бүгін кешкі сессияда 2 дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан (55 келі) жарыс жолын бастайды.
Оның қарсыласы — жастар арасында әлем чемпионы атанған өзбекстандық Шахзод Мұзафаров. Қос боксшы бұған дейін Азия чемпионаты мен «Елорда кубогында» 3 мәрте жолығып, барлығында отандасымыз басым түсті.

Кешкі сессия Қазақстан уақытымен 14:00-де басталады.
Айта кетсек, құрлықтық додаға ерлер құрамасы сапында Төреханнан өзге Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) барды.

Қазір олардың арасынан Оразбек Асылқұлов, Ертуған Зейнуллинов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізіп, ширек финалға дейін жолдама алды.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_imgspot_img
spot_img

Тәуліктік хит

Сондай-ақ, оқыңыз...