-1.1 C
Almaty

Леонид Метальников: «Маңызды ойыншылармен келісімшарт жасалды»

«Барыс» хоккей клубының бас менеджері Леонид Метальников қазақстандық ойыншылармен жаңа келісімшарттардың жасалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Elsport.kz..
— Жаңа жылдық үзіліс кезінде біз жұмысымыздың маңызды бір кезеңін аяқтадық. Әлихан Өмірбеков, Ансар Шайхмедденов, Всеволод Логвин, Семен Симонов және Кирилл Панюковпен келісімшарттарды қайта бекіттік.
Олар — қазақстандық хоккей мектебінің тәрбиеленушілері. Біз үшін команданың негізгі өзегін осы клубты өз үйіндей көретін, оның құндылықтарын сезінетін жігіттердің құрауы аса маңызды.
Бұл маусымда олар айтарлықтай алға басқандықтарын көрсетті, ішінара көшбасшылық рөлдерді өз мойнына алды және ҚХЛ деңгейінде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді. Бұл — олардың еңбегінің әділ нәтижесі.
Біз көктемді және квалификациялық ұсыныстарды күтпей-ақ шешім қабылдадық. Ойыншылардың бар назарын тек хоккейге, плей-офф жолындағы күреске бағыттап, өз болашағына сенімді күйде ойнауы біз үшін маңызды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_imgspot_img
spot_img

Тәуліктік хит

Сондай-ақ, оқыңыз...