Әлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасынан жағымсыз нәтиже алынғанын хабарлады. Бұл туралы VADA – Ерікті антидопингтік қауымдастық ресми түрде хабарлаған.
WBO мәлімдеуінше, Әлімханұлы мен оның командасына «Түсініктеме беру туралы талап хаты» жолданады. Спортшы өз ұстанымын дәлелдей алады, ал барлық шешімдер жазбаша түрде жарияланады.
Ұйым антидопинг саясаты бойынша спортшы ағзасына түскен тыйым салынған зат үшін толық жауапты болып табылады, ниеті немесе қателігі ескерілмейді.
Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанға қараған түні өтуі тиіс еді, алайда тест нәтижесіне байланысты тоқтатылды.


