2 C
Almaty
Суббота, 6 декабря, 2025

Жас шабуылшы Нұралы Жақсылыққа Еуропа клубтары көз тікті

Қазіргі Косово чемпионы — ФК «Балкани» Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы, «Астана» клубының шабуылшысы Нұралы Жақсылықты өз сапына қосуға қызығушылық танытты. Бұл жөнінде Sports.kz тілшісі Елдар Аманбаев хабарлады.

21 жастағы форвард биылғы маусымда елордалық клуб үшін 15 ойын өткізіп, 3 гол соқты. Жас ойыншының ойыны тұрақты өсім көрсетіп, кәсіби әлеуетінің жоғары екені байқалды. Нұралының «Астанамен» келісімшарты желтоқсан айының соңында аяқталатындықтан, ол өзге командалармен келіссөздер жүргізе алады.

Қазіргі таңда Косово біріншілігінің көшін бастап тұрған «Балкани» клубы жаңа маусымда қатарын күшейтуді жоспарлап отыр. Өткен жылы Нұралы Жақсылық 575 минуттық ойын уақытында үш гол және екі нәтижелі паспен көзге түскен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_imgspot_img
spot_img

Тәуліктік хит

Сондай-ақ, оқыңыз...