АСТАНА. 3 ақпан. Еlsport.kz. — Ербол Мырзабосынов Қазақстан құрамаларының халықаралық жарыстарға дайындығымен танысты.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов алдағы халықаралық жарыстарға дайындалып жатқан дзюдо және жеңіл атлетика ұлттық құрамаларының жаттығу барысын тамашалады.
Алдағы күндері отандық дзюдошылар Парижде өтетін Grand Slam турниріне қатысса, жеңіл атлеттер 6-8 ақпанда Тяньцзинь қаласындағы жабық кешендегі Азия чемпионатында бақ сынайды. Бұл жарыстар Азия ойындарына дайындықтың маңызды кезеңі саналады.
Кездесу барысында жаттықтырушылар штабы мен спортшылар командалардың дайындық деңгейін, оқу-жаттығу жиындарының қорытындыларын және алдағы жарыстарға қойылған міндеттерді талқылады.
Сонымен қатар министр спорттағы адал ойын қағидалары мен ережелерді сақтаудың, оларға деген сенімнің спорттағы жетістіктерден бөлек, жалпы қоғамның дамуына да негіз болатынын атап өтті.
Конституция жобасының ашық талқылануы – қоғамның дамып, азаматтық белсенділіктің артқанын көрсетеді. Мұндай қағидаттарсыз спортта да, қоғамда да тұрақты нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.


