4 C
Almaty

Бүгін белгілі бапкер Владимир Никитенко 69 жасқа толды

Elsport.kz. 8 қаңтар. Бүгін «Қайрат» ардагері, танымал қазақстандық футболшы әрі бапкер Владимир Никитенко 69 жасқа толды.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Владимир Андреевич футбол мансабындағы көп бөлігін алматылық «Қайратта» өткізді. 10 жылдан астам уақыт бойы КСРО Чемпионатының Жоғарғы лигасында 256 матч ойнады. Бұл – кеңес кезіндегі клуб рекорды.

Бапкер болған соң «Қайратты» 1996-2000 жылдар аралығында, сондай-ақ 2011 жылы басқарды. Командамызбен екі рет еліміздің қола жүлдегері атанып, екі рет Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды.

— Владимир Андреевичті туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасына амандық, бар жақсылықты тілейміз, — деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Владимир Никитенко еліміздің көптеген клубтарында жемісті еңбек етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_imgspot_img
spot_img

Тәуліктік хит

Сондай-ақ, оқыңыз...