АСТАНА. 4 ақпан. Еlsport.kz. — Қазақстандық 25 жастағы жартылай қорғаушы Арман Кеңесов «Ақтөбенің» ойыншысы атанды.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Футболшы «Астана» клубынан жалға алынған.
А. Кеңесов 2020-2024 жылдар аралығында аақтөбелік клуб сапында ойнап, барлық турнирдегі 85 матчта он екі гол соқты және алты нәтижелі пас берді. “Ақтөбемен” бірге Қазақстан Кубогін жеңді.
Одан бөлек, Арман ресейлік «СКА-Хабаровск», отандық “Қайсар”, “Астана” және өзінің туған павлодарлық “Ертіс” клубы сапында өнер көрсетті. Қазақстан ұлттық құрамасына жиі шақырылып тұрады.


